RU

COVID-19 жұқтырмаған адамдардан антидене анықталды: Ғалымдар себебін айтты

Індет
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ұлыбритания ғалымдары коронавирусқа қарсы иммунитет бұған дейін бұл дертпен ауырмаған науқастардың ағзасында да қалыптасуы мүмкін екенін анықтады. Зерттеу қорытындысы Science порталында жарияланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, мамандар 302 адамның сынамасын зерттеген. Оның ішінде бұған дейін коронавируспен ауырмаған 16 науқастың да ағзасынан антидене табылды. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, антиденелер адам COVID-19-ға ұқсас басқа вирустармен ауырғаннан кейін пайда болыпты.

Ғалымдардың айтуынша, кейбір адамдардың ағзасында басқа вирусты жұқтырғаннан кейін иммунитет қалыптасады. Алайда дәл осы иммундық қорғаныстың COVID-19-ға қарсы тиімділігі әлі дәлелденген жоқ.

Сонымен қатар, коронавируспен ауырмаған адамдардағы антиденелер дәл осы вирустан жазылып шыққандармен салыстырғанда өзгеше болып шыққан. 

Соңғы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асып кетті.

COVID-19 вирусы көп тіркелген елдер тізімі:

  1. Америка Құрама Штаттары - 9 961 324,
  2. Үндістан - 8 507 754,
  3. Бразилия - 5 664 115,
  4. Франция - 1 835 187,
  5. Ресей - 1 760 420,
  6. Испания - 1 328 832,
  7. Аргентина - 1 242 182,
  8. Ұлыбритания - 1 195 350,
  9. Колумбия - 1 143 887,
  10. Мексика - 967 825.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлемде жарғанаттар тарататын тағы бір қауіпті вирус пайда болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883680-covid-19-zktyrmagan-adamdardan-antidene-anyktaldy-galymdar-sebebin-ajtty/