Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 15 қарашадан бастап блок-бекеттер қойыла ма

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ

Желіде 15 қарашадан бастап Алматыда блок-бекеттер пайда болады деген ақпарат тарай бастады. Бұл ақпаратқа қатысты денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматыда жағдай тұрақты екенін және қаланың периметрі бойынша блок-бекеттер қою жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.

"Мен бұл мәселе көтерілмегенін және тараған хабарлама жалған екенін ресми түрде мәлімдеймін. Бүгінде Алматыда жағдай тұрақты, бірақ мен барлық азаматтарды санитарлық талаптарды сақтауға, бетперде тағуға, арақашықтық пен гигиенаны сақтауға, антисептиктерді қолдануға және егде жастағы адамдар көшеге шықпауға үндеймін. Егер біз сақтау шараларды ұстанатын болсақ, онда вирусты жеңеміз", – дейді денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Ержан Байтанаев.

Алматы полиция департаменті де бақылау-өткізу бекеттерін қою туралы ақпаратты растамады.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн-брифинг барысында 9 қарашадан бастап Қарағанды ​​облысының карантинге жабылатыны туралы тұрғындар арасында пайда болған қауесетке қатысты пікір білдірген еді.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында 10 қарашадан бастап жаңа шектеу шаралары енгізілетіні белгілі болды.

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, демалыс күндері эпидемияға қарсы шаралар қолдану мақсатында Орал қаласының периметрі бойынша және БҚО аудандарында санитарлық бекеттер қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883698-almatyda-15-karasadan-bastap-blok-beketter-kojyla-ma/

pixel