Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада 7 жасар қыз отағасының озбырлығынан анасын құтқарып қалды

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтанда 7 жасар қыз анасын ұрып-соғудан құтқару үшін полицияға қоңырау шалған. Хабарламадан кейін оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторы жеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында отбасының 43 жастағы отағасы алкоголь ішіп, тұрмыстық негізде отбасылық жанжал тудырып, әйелін ұра бастағаны анықталды. Қорқып қалған қыз полицейлерді шақырған.

"Отағасы сонымен қатар аңшылық қарудың иесі болып табылады. Қару тәртіп сақшыларымен тәркіленді. Аталған факті бойынша ӘҚБтК-нің 73-ші бабы бойынша іс қозғалып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды", – делінген ПД хабарламасында.

Еске сала кетсек, елордада "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы жалғасуда. Оның мақсаты – қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын алу бойынша азаматтармен түсіндіру әңгімелерін өткізу болып табылады.

Мәселен іс-шара аясында 23 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 284-тен астам бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша анықталған.

Еске салсақ, Алматы облысында аяусыз соққыға жығылған келіннің жағдайына алаңдаушылық білдірген қоғам белсенділері жанайқайын жеткізген еді. Олар келінін ұрған ененің жеңіл жазамен құтылып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан болатын.

Сонымен қатар бұған дейін Ақмола облысының тұрғыны жасөспірім қызын ұрғаны туралы жазған едік.

Белгілі болғандай полиция есебінде тұратын 46 жастағы ер адам 14 жастағы қызын көсеумен ұрып, салдарынан жасөспірім қыздың сол қолының иық буыны сынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883712-nr-sltanda-otagasyny-anasyn-ryp-zatkanyn-krgen-7-zasar-kyz-birden-policia-sakyrgan/

pixel