Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Минскідегі наразылық акциясында "Беларусь аруы" ұсталды

Опубликовано:

Беларусь аруы
Фото: Instagram/ volgena

Минскідегі наразылық акцияларында 2008 жылы "Беларусь аруы" атанған Ольга Хижинкова ұсталды деп хабарлайды vitebsk.cc сайты.

33 жастағы бойжеткенді Минскідегі наразылықтар кезінде "Сошествия Святого Духа" соборы маңында қауіпсіздік күштері құрықтаған.

Алдын ала есеп бойынша 8 қараша күні Минскіде 700- ге жуық адам ұсталған. Ал Ольга Хижинкова болса, қаланың Заводское полиция бөлімшесіне жеткізілген.

ННВ ақпарынша, жаппай наразылық басталмай тұрып "Беларусь аруы - 2008" саяси қуғындау жөнінде өз пікірін ашық айтқан.

"Егер ресмиге сәйкес келмейтін кез келген көзқарас диверсия және арандатушылық болып саналса, бостандықтың құны қанша? Виктор мен Эдуард Бабарикоға бостандық берілсін", - деп жазған ол Instagram парақшасында маусым айында.

Ольга Хижникова - Витебщина тумасы, ол Лепельский ауданы Заборовье ауылында орманшы мен ферма қызметкерінің жанұясында дүниеге келген.

Витебскіде болашақ сұлулық патшайымы жеңіл өнеркәсіп мектебін бітіріп, кейінірек сән театры үйірмесінің оқытушысы болып жұмыс істей бастады.

2008 жылғы ұлттық сұлулық байқауында жеңіске жеткеннен кейін, "Витебск халық жаңалықтарының" оқырмандары Хижинкованы "Витебсктің жыл адамы" деп таныды.

Еске сала кетейік, 23 қыркүйек күні Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне ресми түрде кірісті.

Содан соң беларусьтер жаппай наразылыққа шығып, тіпті автокөлік жүретін жолдарды жауып тастады. Наразылық акциялары әлі де жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1883721-minskidegi-narazylyk-akciasynda-belarus-aruy-staldy/

pixel