Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Цифрлық теңсіздікке жол жоқ": 600 мың ауыл тұрғыны мобильді интернетке қол жеткізе алады

Опубликовано:

Поле
Фото: Pexels.com

«Қазақтелеком» тобына кіретін Tele2/Altel және Kcell мобильді операторлары жалпы саны 600 мың адам тұратын елдің 1000-ға жуық ауылдық елді мекенінің тұрғындары үшін кең жолақты мобильді интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін «250+» жобасын белсенді түрде іске асыруды жалғастыруда.

«250+» жобасы республиканың барлық үш мобильді байланыс операторларының күш-жігерін біріктірді. Жоба 250-ден көп тұрғыны бар ауылдарда кең жолақты мобильді интернетке қол жетімділіктің инфрақұрылымын құруды көздейді. Осы жобаны іске асыру қорытындылары бойынша 2020 жылдың соңына дейін интернет желісіне кең жолақты қол жетімділік ауыл тұрғындарының 93,5% -ын қамтитын болады.

Бүгінгі күні жоба аясында «Кселл» АҚ 78 ауылдық елді-мекенді (АЕМ) жоғары жылдамдықты мобильді интернетке қосты. 71 базалық станция жетілдірілді және қайта орналастырылды, 7 жаңа базалық станция орнатылды.

«Ауыл тұрғындары кең жолақты мобильді интернетке қол жеткізіп қана қоймайды. Жоба аясында олар цифрлы мемлекеттік қызметтерге, қашықтықтан білім алуға, мобильді банкингке, телемедицинаға қол жеткізе алады, бұл шалғай ауылдық жағдайларда маңызды. Осылайша, ауыл мен қала арасындағы цифрлықық теңсіздіктің шекарасы жойылып, елдің әлеуметтік көрінісі өзгеруде. Біздің мақсатымыз - халыққа қызметтердің барынша қол жетімділігі. «250+» жобасы қазақстандық экономиканы дамытудың драйверлерінің біріне айналады », - деді «Кселл» АҚ бас техникалық директоры Асқар Есеркегенов.

Tele2/Altel компаниясы да АЕМ 250+ базалық станцияларын жоспарлау, жобалау және салу бойынша жұмыстарды белсенді жалғастыруда. Басым міндеттердің бірі бұрын мобильді байланыстың ешқандай түрі болмаған ауылдарды қосу болып табылады.

«Біз қашықтық және қол жетімсіз болғандықтан байланыс мүлдем болмаған елді-мекендерде базалық станцияларымызды қосқанда, ерекше мақтанамыз және тұрғындармен бірге шын жүректен қуанамыз», - деп бөлісті, Tele2/Altel компаниясының техникалық директорының орынбасары Болатбек Толкунов, - біз үшін бұл көбінесе инженерлік сын - ең тиімді және оңтайлы шешімді табу».

Күні кеше ғана оператор 259 адам тұратын Шығыс Қазақстан облысының Зимовье ауылындағы базалық станцияны қосты. Бұл тапсырманы орындау үшін жерсерік арқылы қосылуға арналған арнайы техникалық шешім әзірленді. Қазіргі уақытта қосылған жабдықтың соңғы сынақтары жүргізілуде және жақын күндері Зимовье тұрғындары үшін байланыс қол жетімді болады.

Карантин шараларын және бизнес-процестер мен байланыстардың көпшілігінің қашықтағы форматқа көшуін ескере отырып, «250+» жобасы ел үшін ерекше маңызды

Осы жылдың ақпан айында «250+» жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды, сонымен бірге желіні бірлесіп салу және пайдалану стратегиясы келісілді.

2 қазанда жобаға қатысушылар желілерді ортақ пайдалану туралы шартқа қол қойды.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883723-kazakstanda-250-zobasyn-zzege-asyru-zalgasuda/

pixel