Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық бойжеткен екі айда 42 рет жол ережесін бұзған

Опубликовано:

Көлікте отырған бойжеткен
Көрнекі фото: piqsels.com

Қостанайлық полицейлер "Сақтандыру полисі" жедел алдын алу іс-шарасы барысында әкімшілік жауапкершіліктен жалтарған жүргізушілерді ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшылары "Mazda" көлігін тізгіндеген 21 жастағы Қостанай тұрғынын тоқтатқан.

Бойжеткен үнемі жол ережесін бұзып келген. 2020 жылдың қазан және қараша айларының өзінде 42 мәрте жол қозғалысы ережелерін бұзған.

Автоматты тіркеу құралдары жүргізушінің айыппұл сомасы 1 млн теңгеден асқанын көрсетті. Ол айыппұлының барын біле тұра, төлемеген.

Сонымен қатар полиция 13 рет жол ережесін бұзған "Ваз 21099" автокөлігінің жүргізушісін ұстаған.

"Ол 194 мың теңге айыппұлын төлемей жүрген. Сондай-ақ Амангелді ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Арқалық-Торғай тас жолында Ресейде тіркеуде тұрған "KIA Spectra" автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында автокөліктің Челябі облысында ұрланғаны анықталды. Көлік 2017 жылдан бастап халықаралық полиция желісі бойынша іздеуге алынды. Жоғарыда аталған барлық жүргізушілерде сақтандыру құжаты болмаған, сондықтан олардың автокөліктері айып тұрағына қойылды", – дейді полицияның баспасөз қызметі маманы Кенже Қонысбай.

Жалпы "Сақтандыру полисі" операциясы басталғалы бері тәртіп сақшылары сақтандыру полисінің жоқтығы үшін 304 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Айыптұраққа 132 көлік қойылып, 65 мемлекеттік нөмір алынған.

Айта кетейік, елімізде жол ережесіне жүрдім-бардым қарағанның салдарынан 1300-ге жуық адам көз жұмған. Ал жол тәртібіне мойынсұнбау жағдайы 3 миллионнан асып кеткен.

Сонымен қатар Қазақстанда көлік жүргізушілеріне жүргізуші куәлігінсіз қатынауға рұқсат етілмек екенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883744-kostanajlyk-bojzetken-eki-ajda-42-ret-zol-erezesin-bzgan/

pixel