Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейдегі дүбірлі тойда танымал спортшылар көзге түсті (видео)

Опубликовано:

Айбек Нұғымаров
Видеодан кадр: Instagram/ zello_semey

Әлеуметтік желіде карантинге қарамастан Семейдегі мейрамханалардың бірінде өткен дүбірлі тойдың видеосы пайда болды. Кадрларда белгілі спортшылар бой көрсеткен. Роликке қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары видеода екі белгілі қазақстандық спортшы - "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновты байқаған.

Сондай-ақ кадрларда он шақты мейманды аңғаруға болады. Салтанатты кеште коронавирустың алдын алу шараларын ешкім сақтамаған.

Видеоны көрген желі қолданушылары қатты таңырқап қалған екен. Олар танымал балуандар тәртіп бұзбағаны абзал еді деген пікір қалдырған.

Бейнероликке қатысты ШҚО Полиция департаменті пікір білдірді. Олардың ақпарынша, той 7 қараша күні Семейдегі Бегалин көшесінде орналасқан мейрамханада өткен.

Іс-шара рейд барысында анықталған. Тәртіп сақшылары материалдар жинап, әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында процессуалды шешім қабылдау үшін санитар дәрігерге беруге ниетті.

Айта кетейік, пандемия өршіген тұста "Әлем барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров коронавирус жұқтырған еді.

"Құрметті жерлестер, мына жаман індет бізге де жұқты. Өздеріңіз көріп отырғандай, Семей қаласындағы инфекциялық ауруханада жатырмыз. Осыдан бір апта ауру басталды. Қазіргі кезде аурудың кімнен, қалай жұққанын біле алмай отырмыз.

Сақтандыру шараларын қолданбағанның кесірінен деп ойлаймыз. Күнделікті жұмыстармен біраз азаматтармен кездескен болатынбыз. Басында біз де іштей сеніңкіремеген (дертке- ред) едік. Саясат бұл деген едік. Бұл індеттің бар екені рас, ол ешқандай саясат та, ақша да емес", - деген еді ол.

Кейіннен ол халықты бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуге шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883772-semejdegi-dbirli-tojda-tanymal-sportsylar-kzge-tsti-video/

pixel