RU

Трамптың тікұшағы сатылымға қойылды

Тікұшақтан түскен Трамп
Көрнекі фото: Yuri Gripas/Abaca/Bloomberg via Getty Images

Америкалық көшбасшы Дональд Трамптың 2016 жылғы сайлау науқаны кезінде белсенді қолданған Sikorsky S-76B жеке тікұшақтарының бірі сатылымға шығарылды, оның бағасы 1,5 миллион долларға жетуі мүмкін деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның хабарлауынша, осы жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік нөмірі N76DT тікұшағы сатылымға қойылған Jet Edge Partners және Aero Asset арнайы сауда алаңдары нақты бағаны ұсынбаған.

Төрт жыл бұрын Нью-Йорк Таймс оны 875 000 долларға бағалапты. Алайда, қазір сайлау аясында оның құны өсіп, шамамен 1,5 миллион долларды құрауы мүмкін деп болжануда, деп хабарлайды Newsweek.

Тікұшақ қазір Нью-Джерсидегі ангарда тұр. Африка қызыл ағашымен қапталған, кілем төселген, өкілдік класына жататын тікұшақ салонына алты адам сыяды, деп жазады басылым. Ішінде дыбыс өткізбейтін жүйе, тоңазытқыш пен сусындарға арналған шкаф бар.

Еске салсақ, Джозеф Байден АҚШ-тағы президент сайлауында АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампты басып озды. Ол 273 дауыс жинады. Демек Байден 2021 жылы 20 қаңтарда АҚШ-тың 46-шы президенті атанады.

Оған қоса, АҚШ-тағы президент сайлауында қажетті дауыс санын жинай алмаған Дональд Трамптың жан жары Мелания Трамп жақын арада онымен ажырасу туралы арыз жазбақ.

Мелания Трамптың құрбысы Стефани Волкоффтың айтуынша, Дональд Трамп пен оның әйелі "іскерлік некеде" болған, тіпті олар Ақ үйдің бөлек бөлмелерінде тұрған.

Сонымен қатар, Дональд Трамп ауқымды митингілерді қайта жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл жолы митингтер дауыс беру нәтижелеріне қарсы бағытталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883786-trampty-tiksagy-satylymga-kojyldy/