Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы 2 желтоқсанда басталады

Опубликовано:

Жауынгерлер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшыларына, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшыларына 25 қарашаға дейін оқу жылына толық әзірлікті қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ең алдымен оқу-материалдық базаны, оқу-жауынгерлік тобының қару-жарағы мен әскери техникасын жоспарлау және дайындау мәселелеріне қатысты.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін өткен жылдың қорытындылары шығарылып, алдағы уақытқа міндеттер қойылуы тиіс. Ағымдағы жылдың қараша айында қорғаныс министрлігінің алқа отырысын өткізу белгіленді. Отырста армияның тыныс–тіршілігінің негізгі мәселелері, жедел және жауынгерлік даярлық, әскери тәртіптің жай-күйі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау қаралады.

Парламент мәжілісі депутаттарын сайлауға дайындық қызметтің маңызды бағыты болуға тиіс. Барлық ұйымдастыру мәселелерін реттейтін жұмыс тобы құрылды. Мәселен, барлық әскери қызметшілерге, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен курсанттарға, сондай-ақ шет елдердегі курсанттарға дауыс беруге кедергісіз қатысуға мүмкіндік беру болып табылады.

Танк
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Автоматтандырылған басқару жүйесін қолдану аясын кеңейту бойынша тапсырмалар берілді. Оған электронды құжат айналымы да, әскерлердің қызметіне қажетті мәліметтерді сандық есепке алу да кіреді. Әскери басқару органдарында бөлімшелер құрылды, ал әскери бөлімдерде автоматтандырылған басқару жүйесі қызметін ұйымдастыруды қамтитын лауазымдар енгізілді. Басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру материалдық қаражаттың жұмсалуын, адам ресурстарын пайдалануды қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ барлық деңгейлерде неғұрлым жедел шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев жауынгерлік әзірлікті сақтаудың маңызды факторы болып табылатын коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралардың мүлтіксіз орындалғанын еске салды. Оларға санитарлық шаралар (дезинфекциялық өңдеу, медициналық бақылау, уақтылы диагноз қою) және ұйымдастырушылық (әлеуметтік қашықтық, қашықтан және онлайн режимінде жұмыс істеу, байланысқа шектеу қою) кіреді.

Дәрігер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бюджет қаражатынан емес, жабдықталған екі ПТР-зертхана пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жақын арада басқа өңірлердегі әскери медициналық мекемелер жүйесінде ПТР-зертханаларды іске қосуды қамтамасыз ету туралы нұсқаулар берілді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы қабылданып жатқан санитарлық-эпидемиологиялық шараларға қарамастан, жедел және жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы, әскерлердің жауынгерлік оқу сапасы төмендемеуге тиіс екенін атап өтті. Желтоқсан мерекелері қарсаңында алдын алу шараларын ескере отырып, барлық салтанатты іс-шараларды өткізу туралы мәселені пысықтау тапсырылды.

Еліміздің барлық өңірлерінде жұмылдыру ресурстарын дайындау сапасын арттыру бойынша міндеттер қойылды. Бұдан басқа, жас буынды әскерге шақыру және қабылдау барысында материалдық қамтамасыз ету, оның ішінде заттай мүлікпен қамсыздандыру, тамақтандыру, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді орналастыру үшін казармалық-тұрғын үй қорын дайындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883792-karuly-ksterde-zaa-oku-zyly-2-zeltoksanda-bastalady/

pixel