Белгілі қазақстандық музыкант өмірден өтті
Опубликовано:

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, танымал музыкант Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаралы хабарды Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің баспасөз қызметі растап отыр.
"Иә, растаймыз. 7 қараша, сенбі күні ауырып қайтыс болды. Қоштасу рәсімі кеше Алматыда өтті", - делінген хабарламада.
Еркебұлан Саламатұлы Мүсіреп Қостанай облысында 1946 жылы 5 мамырда өмірге келді
Ол - белгілі музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003), "Құрмет" орденінің иегері.
Еркебұлан Мүсіреп жиырма жылдан астам уақыт Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрін басқарды.
Сонымен қатар, Құрманғазы оркестрі туралы кітаптардың авторы болып табылады.
Одан бөлек, талантты музыкант "Гүлдер" республикалық ансамблінің директоры, "Қазақконцерт" директорының орынбасары болған.
Айта кетсек, өткен айда Қазақстанның мәжіліс депутаты Глеб Щегельский өмірден өтті. Ақпаратты парламент төменгі палатасының баспасөз қызметі растады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883922-belgili-kazakstandyk-muzykant-mirden-tti/