RU

Тауықтың қай жерін жеуге болмайды

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Тауықтың кейбір мүшелерінде паразиттер мен бактериялар көп жиналады. Ол адам денсаулығына зиян келтіруі әбден мүмкін деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Sohu порталының мәліметінше, материал авторы тауықтың өкпесін, құйымшағын, басы мен терісін жеуге болмайтынын жазған.

"Өкпеде паразиттер мен бактериялар көп. Оны жоғары температурамен өңдеген күннің өзінде қауіпті бактериялардың бір бөлігі ғана жойылады. Жоғары температураға шыдайтын паразиттер де аз емес. Олардың бәрі өкпеде жиналады. Ал адам ағзасына түскеннен кейін әлсіздікке себеп болады. Ешқандай реакция болмаса да, қауіп бар, сол себепті тауықтың өкпесін тамаққа пайдаланбауға кеңес береміз", - делінген мақалада.

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Алексей Даничев

Сонымен қатар, тауықтың құйымшағы да адам денсаулығына қауіпті. Нәжіс шығатын жерге паразиттер мен бактериялардың көп жиналатыны белгілі болды. Оны көп жесе, денсаулыққа зиян келеді. Мамандар тауықтың басын да аз жеу керек деп санайды.

"Бір-екі бас жесе, ешқандай қауіп төнбеуі мүмкін. Бірақ оны тым көп тұтынсаңыз, сол қауіпті заттар етпен бірге адам ағзасына түседі де, денсаулыққа кері әсерін тигізеді", - делінген порталда.

Одан бөлек, "тауықтың терісінде пайдалы коллаген көп" деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Алайда, шын мәнінде, олай емес. Тауықтың терісінде коллаген өте аз. 

"Теріде коллаген емес, май көп. Сосын бетінде паразиттер мен бактериялардың түр-түрі жасырынып жатады. Сондықтан тауықтың терісі адам ағзасына ешқандай пайда әкелмейді", - дейді жазба авторы.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың Биотехнологиялық ақпарат Ұлттық орталығының мамандары зерттеу жүргізе келе, адамның терісін ұннан жасалған тағамдардан бас тарту арқылы жақсартуға болатынын анықтаған еді.

Олардың пайымынша, ұн қосылған тағамдар мен нанды шектен тыс жиі пайдалану түрлі тері ауруларының туындауына әкеліп соқтырады екен.

Сонымен бірге смартфон жарығының адам терісіне зиян екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883928-tauykty-kaj-zerin-zeuge-bolmajdy/