Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларға жаңа жылға дейін мектепке барып оқуға рұқсат беріле ме

Опубликовано:

Сынып1
Көрнекі фото: piqsels.com

ОКҚ-да өткен онлайн-конференцияда Денсаулық сақтау министрлігі комитеті басшысының орынбасарынан қазақстандық мектеп оқушыларының білім беру ұйымдарына оффлайн режимінде оқуға оралу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды. Ол басты шарттардың бірі COVID-19 жұқтырудың "қарқынды өсімі" болмауы керек екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі комитеті басшысының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков министрлік коронавирус эпидемиясының дамуының үш сценарийі бойынша бірнеше рет болжам жасағанын айтты – нақты, оптимистік және пессимистік.

"Егер санитарлық режимді сақтайтын болсақ, маска тағып жүрсек, пессимистік болжамға бара алмаймыз. Бұл тұрғыда күндізгі немесе онлайн режимінде сабақтар болатын-болмайтынын қарастыруға болады. Әлемнен алшақтай аламыз. Егер ауру жұқтырудың қарқынды өсімі болмаса, біздің әріптестер бұл мәселені қарастырады", – деді спикер.

Еске салсақ, бүгін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, екінші тоқсаннан бастап 1-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқуды бастайды, бірақ барлығы емес.

Еске салсақ, жасы 65-тен асқан Алматы тұрғындарына аса қажеттілік болмаса үйлерінен шығуға тыйым салынады. Мұндай шектеу Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланған жаңа қаулысында пайда болды.

Оған қоса, коронавирустың екінші толқыны ұзаққа созылады. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық орталық маманы осындай болжам жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883942-balalarga-zaa-zylga-dejin-mektepke-baryp-okuga-rksat-berile-me/

pixel