Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медеу мен Шымбұлақтың ашылатын уақыты белгілі болды

Опубликовано:

фото
Фото: medeu.kz

Алматы қаласында 19 қарашадан бастап Шымбұлақ, 16 қарашадан бастап Медеу мұз айдыны сынақ режимінде ашылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында карантинге жабылған Шымбұлақ пен Медеу демалыс орындарының уақытша режимде ашылатыны көрсетілген.

"Сынақ режимінде жұмыс істеуіне рұқсат етілген туризм нысандары - 2020 жылдың 19 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында "Медеу" спорттық-сауықтыру орталығы және 2020 жылдың 16 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында Шымбұлақ тау-шаңғы курорты. Медеу мұз айдынына жіберілетін адам саны 500-ден аспауы тиіс. Шымбұлаққа келушілер бұрынғы қабылданатын туристер санының 30% -ынан аспауы керек", - делінген құжат мәтінінде.

Одан бөлек, аталған демалыс орындарындағы тамақтану объектілеріне де рұқсат беріледі. Онда да ашық аспан астында 50 орыннан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метрді қамтуы керек. Бастысы ол жерлерде ұжымдық іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады.

Еске сала кетсек, осыған дейін 65-тен асқан алматылықтарға көшеге шығуға тыйым салынғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883944-medeu-men-symblakty-asylatyn-uakyty-belgili-boldy/

pixel