"Аппарат бұзылды": Ақтөбеде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар азапты күндерді бастан өткеруде

Опубликовано:

Дәрігерлер
Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар әлеуметтік желі арқылы әкімнен көмек сұрады. Қатерлі дерттің қауіпті дережесінде ем алып жатқандар екі айдан бері азап шегуде. Айтуларынша, онкологиялық ауруханадағы сырқаттарын жеңілдететін аппарат екі ай бұрын істен шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар әлеуметтік желі арқылы әкімнен көмек сұрады. Қатерлі дерттің қауіпті дережесінде ем алып жатқандар екі айдан бері азап шегуде. Айтуларынша, онкологиялық ауруханадағы сырқаттарын жеңілдететін аппарат екі ай бұрын істен шыққан.

"Онкологиялық ауруханадағы сәулелі терапиямен ем жүргізетін аппарат сынып қалды. Екі айдан бері жұмыс жасамайды. Өте қиын. Ауыр дертке шалдыққан адамның әр күні санаулы. Түсінесіз бе, онкология жәй ауру емес. Көмек сұраймыз. Жақын апам осы дертпен күресіп жүр. Үш ай бұрын дәрігерлер 3 дәрежелі қатерлі ісік диагнозын қойды. Бірақ аппарат сынып қалғандықтан ем алып жатқан жоқ. Сондықтан жергілікті басшылардан көмек сұраймыз", – дейді қала тұрғыны Салтанат Жасанова.

Аты жаман ауруға шалдыққандар атынан көмек сұраған тұрғын жағдайға жергілікті билік бей-жай қарамаса дейді. Айтуынша, қалада жақыны үшін жанұшара көмек сұрап жүргендер аппаратты іске қосуды сұрап, көп жердің табалдырығын тоздырған.

Науқас
Фото: NUR.KZ

Онкологиялық ауруханадағы мән-жайды М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің басшылары түсіндірді. Аппарат істен шықса да дәрігерлер қол қусырып отырмағандарын айтты.

"Бізге қарасты онкологиялық орталықта сәулелі ем жүргізетін 5 аппарат бар. 7 қыркүйек күні TEREGAM аппараты ақауға байланысты істен шықты. Қажетті қондырғылар алу үшін Чехияға тапсырыc бердік. Пандемиялық жағдайға байланысты кешігулер болып тұр. Қазіргі уақытта 20-ға жуық адам тиісті ем қабылдай алмай отыр. Бөлшектерді тезірек жеткізудің жолын қарастырып жатырмыз. Онкоогиялық ем болғандықтан бұл жағдай әрине науқастарға жеңіл емес. Бұл аппараттарды аурудың төртінші деңгейінде ғана қабылдайды. Сондықтан ем тоқтаған жоқ.

Тиісті шаралар жасалып жатыр. TEREGAM аппараты сынған соң барлық науқасты АГАТ аппаратына ауыстырдық. Бірақ АГАТ аппаратының сервистік тексеру уақыты келгендіктен Ресейге жібердік. 20 қарашаға дейін бұл мәселе шешіледі деп күтіп отырмыз", – дейді медициналық университетінің клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Мусин Надиар.

Қазір Ақтөбеде үш мыңға жуық адам қатерлі ісікке қарсы ем қабылдап жүр.

Еске салсақ, астаналық дәрігерлер жаңа туған сәбиді ата-анасымен үйіне жіберіп, ал құжатқа "өлі туылды" деп жазып берген. Бұл аздай науқастың кесерь тілігі асқынып кетіп, қайта ауруханаға түскен.

Оған қоса, Қостанай облысы Жітіқара ауданының орталық ауруханасы бүгіннен бастап екі аптаға карантинге жабылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883995-azapty-knder-tude-aktbede-katerli-isikke-saldykkandardy-auruyn-zeildetetin-apparat-bzylgan/