RU

Коронавирус дерті өршіп кеткен Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймаққа" енді

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елордада коронавирустың таралу қарқыны өсуде. Салдарынан Нұр-Сұлтан қаласы ресми түрде "сары аймаққа" енгізілді деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева бүгінде коронавирустың таралу саны бойынша елорданың "сары аймаққа" енгізілгенін мәлімдеді. Санитарлық дәрігердің айтуынша, бұл жайт елорда тұрғындарын қатаң карантин шарттары күтіп тұрғынан аңдатады.

Сонымен қатар, Пірәлиева Нұр-Сұлтан қаласына қай өңірлерден дерт жұқтырғандар жиі ағылатынын сөз етті.

"Бүгін біз қалаға жақын аймақтар - Ақмола және Қостанай облыстарында дерттің таралу деңгейі жоғары екенін ескере отырып, тәуекелге бармауды жөн санадық. Олар да "сары аймаққа" енгізілді. Бүгінде, ең алдымен, "қызыл аймаққа" жатқызылған Шығыс Қазақстан облысынан өзге өңірлерге дерт таралып жатқанын байқауға болады", - деді Нұр-Сұлтан қаласының бас дәрігері.

Елордада апта ішінде коронавирус жұқтырған науқастардың санының өсуі 28 пайызды құрап, 1,2 есе жоғары деңгейді көрсетіп отыр дейді Пірәлиева.

Еске салсақ, бұған дейін біз 2020 жылы ең жиі қолданылған сөз "коронавирус" болмай шыққанын жазған едік. Жылдың ең жиі қолданылған сөздері қатарында коронавирусқа қатысы жоқ сөздер де табылған.

Одан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884025-koronavirus-derti-rsip-ketken-nr-sltan-kalasy-sary-ajmakka-endi/