Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте үй құстары белгісіз кеселден қырылып жатыр

Опубликовано:

Құс тұмауы
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттің Бадам тұрғын алабында үй құстары белгісіз кеселден қырылып жатыр. Тұрғындар бұл солтүстіктен келген құс тұмауы ма деп қауіптенеді. Ал мамандар қалада құс тұмауы тіркелмегенін алға тартуда. Істің мән-жайын Almaty.tv тілшісі анықтап көрді.

Бадам тұрғын алабында тұратын Базарбек Раушановтың үй құстары өткен жұмадан бері өздігінен қырыла бастаған. Тамағы қырылдап, тұмсығынан сілейі аққан үй құстары алдына тосқан жем-шөпке жоламай қойыпты.

Қырылған құстардың бәрі жұқпалы ауруға шалдықты ма деп қауіптенген тұрғын оларды бірден өртеп жіберген. Бүгінде аман қалған екі тауықтың да жағдайы нашар екенін айтуда.

Аталмыш тұрғын алабында үй құстары қырылған бірнеше отбасы бар екен. Кеселдің қайдан пайда болғанын білмей абдыраған олар ветеринар дәрігерлерді шақырған екен. Алайда мамандардың ешқайсысы төбе көрсетпепті. Басшылық болса, болжау айтумен ғана шектеліп отыр.

"Клиникасы бойынша құс тұмауына келмейді. Екі тауығын кеше бақылауға қойды. Егер де сол екі тауығының біреуі өлетін болса, сол жерден міндетті түрде жедел сынама алынып, зертханаға жіберуге дайынбыз", – деді қалалық Ауылшаруашылық және ветеренария басқармасының бөлім басшысы Манарбек Ержігітов.

Үй құстары қырылған тұрғындар құс тұмауы келгеніне үрейленіп отыр. Алайда мамандар осы күнге дейін Шымкентте құс тұмауы тіркелмегенін айтып, сабырға шақыруда.

Жалпы қалада 1 млн бастан асатын үй құсы бар. Олардың басым бөлігі құс фабрикаларының есебінде. Сол себепті, олар екпені өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті. Ал жеке шарушалықтар мен құс асыраушыларға мемлекет вакцинациялауға жәрдемдеседі. Қазірге дейін 202 мыңға жуық құсқа құс тұмауына қарсы екпе жасалған.

Еске салсақ, бұған дейін біз Солтүстік Қазақстанда құс тұмауы өршіп, құстар жаппай қырылғанын жазған едік.

Одан бөлек, Солтүстік Қазақстанда үй құстарынан бөлек жабайы құстар да жаппай қырылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884039-symkentte-j-kstary-belgisiz-keselden-kyrylyp-zatyr/

pixel