RU

Атырауда 115 жолаушы мінген ұшаққа бір топ құс "шабуылдады" (видео)

Ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау-Нұр-Сұлтан рейсі кезінде ұшақ аспанға көтеріліп жатқан сәтте ірі құстар тобы, алдын ала ақпарат бойынша, қаздар немесе үйректер ұшаққа соғылған деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

"Әуе кемесінің командирі Иван Карпович жөнелту портына оралу туралы шешім қабылдады. Қону өздігінен тұраққа қарай бұру арқылы қалыпты режимде өтті", – деп хабарлады авиакомпания.

Ұшу уақыты – 22.05, қону уақыты – 22.17.

Бортта 115 жолаушы болған, ешкім зардап шеккен жоқ. Ұшу рейсі тоқтатылды. Ұшуды жалғастырғысы келетіндер басқа күндерге қайта жазылды, қалғандарына билеттің толық құны қайтарылды.

Әуе компаниясында атап өткендей, бүгінде еш шара қолданылмайтын құстарға қатысты проблема өзекті болып табылады.

"Ұшақ командирі Иван Карповичтің жоғары кәсіби шеберлігі мен бүкіл экипаждың үйлесімді жұмысы арқасында ірі құстар тобымен соқтығысқан әуе кемесін қалыпты режимде қондырды", – деп атап өтті SCAT.

Әуе компаниясы ұшқышты медальға ұсынуды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, Атыраудан Алматыға бағыт алған FlyArystan жолаушылар ұшағы аспанда біраз уақыт қалықтап, әуеге көтерілген нүктесіне қайта қону үшін жанармай жағылған. Бұл жағдайға әуекомпанияның баспасөз қызметінде түсініктеме берілді.

Сондай-ақ, бұған дейін ұшақтардың әуедегі қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін бағдарламаның скриншоттары желіде пайда болды. Суреттерге сәйкес, Air Astana ұшағы Алматы аспанын бірнеше рет айналған. Тұрғындар осы жайтқа алаңдаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884047-atyrauda-115-zolausy-mingen-sakka-bir-top-ks-sabuyldady-video/