Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шағын ферма және өндіріс орны: Көпбалалы аналар өз кәсіптерін аша бастады

Опубликовано:

Қолдан жасалған бұйымдар
Фото: ҚР ЕХӘҚМ

Көп балалы аналар шағын мал фермасын, ұлттық кәдесыйлар мен тұрмыстық заттарды дайындау өндірісін ашып, кәсіппен айналысуда. Мұндай мүмкіндікті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы гранттар мен "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сынды меклекеттік қолдау көрсету шаралары аясында жүзеге асып отыр.

Ақмола облысы Ақмол ауылының тұрғыны Гүлдар Байкенова – бес баланың анасы. Ол күнкөрісі төмен отбасы ретінде мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алады. Өткен жылдың күзінде Гүлдар "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқудан өтіп, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 АЕК (2019 жылғы көрсеткіштермен есептегенде 505 мың теңге) көлемінде бизнес ашуға бағытталған грантқа ие болды.

"АӘК – сөзсіз, мемлекет тарапынан көрсетілетін маңызды қолдаулардың бірі. Дегенмен, бізге және біздің аудандағы өзге де көп балалы аналарға кәсіпкерлік негіздерін үйрену мүмкіндігін беріп, бизнес бастау үшін гранттар ұсынғандарына дән риза болудамыз", - дейді ол.

Гүлдар Байкенова өтеусіз грант қаражатын лазерлік кесу станогын сатып алуға жұмсады. Аталмыш станок фанераны, органикалық әйнекті және тебіскі киіз сынды әр түрлі материалдарды өңдей алады, бұйымды қажетті пішінде айна-қатесіз кесуге және нақыштама жасауға мүмкіндік береді.

Станокпен жұмыс жасауды үйреніп алған Гүлдар бүгінде Ақмола мен оның төңірегіндегі ауылдарда көрпе тігетін, ұлттық нақышта сувенирлер жасайтын, дәстүрлі мерекелер мен ерекше іс-шараларды безендіретін қолөнерші келіншектерге дайындамалар жасауды қолға алған.

Қолдан жасалған бұйымдар
Фото: ҚР ЕХӘҚМ

Ақтөбе облысы, Қазан ауылының тумасы Алмахан Қалмұратова болса, өз кәсібін ашу үшін мал шаруашылығын таңдады. 2019 жылдың күзінде ол "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша - 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде грант иеленіп, сауын сиыр мен екі бұзау сатып алған.

"Біз ауылда тұрамыз, ал жеке үй-жай – бұл біз үшін үлкен қолдау. Әзірше сиырдың сүті, сүзбесі және майы отбасымыздан әрі аспай отыр, бізде 7 бала бар. Бірақ келесі жылы сиырдан бұзау күтеміз, тағы екі бұзау өсіп жатыр, сауын сиырлар көбейеді. Сонда сүт өнімдерін сатуға да болады", - дейді ол.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 9 айында 526 мыңнан астам адам "Еңбек" бағдарламасының қатысушылары ретінде әр түрлі қолдауға ие болды. 338,2 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 189,4 мыңы - тұрақты жұмысқа, 187,3 мыңы мемлекетпен субсидияланған жұмыс орындарына орналастырылды.

9,6 мың жеңілдетілген несие мен 38 мың өтеусіз грант ұсынылды, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 33,2 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқытудан өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884049-sagyn-ferma-zne-ndiris-orny-kpbalaly-analar-z-ksipterin-asa-bastady/

pixel