Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда маскалардың бағасы қайта қымбаттауы мүмкін

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде бетперделердің құны қайта қымбаттауы мүмкін. Бағаның құбылуына қорғаныш құралын әзірлеуге қажетті импорттық шикізаттың құны тікелей әсер етеді деп хабарлайды КТК арнасы.

"Әрине, бетперде бағасына келгенде мәселені жан-жақты қарастырамыз. Мәселен, шетелден әкелінетін шикізаттың, яғни сүзгіш маталардың құны да қаперге алынады. Сондықтан, отандық кәсіпорындардың ақсап қалмауы да маңызды", - дейді ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.

Еске салсақ, бұған дейін бетперделердің бағасы 20-30 теңгеге дейін төмендегені хабарланған болатын. Ол үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кәсіпкерлермен мәмілеге келгенін де мәлімдеген.

Ал дәріханалар шетелдік немесе қазақстандық бетперденің құнын бірдей арзандатуға міндеттелген еді. Бұл орайда Денсаулық сақтау министрлігін отандық өнім өндірушілердің жағдайы алаңдатып отырғаны белгілі болды. Бұл өз алдына маскалардың бағасы қайта көтерілуі әбден мүмкін екенін аңдатады.

Коронавирус басталғалы бері Қазақстанда қорғаныш құралдарын өндірумен айналысатын компаниялардың қатары 6-дан 15-ке жеткен.

Еске салсақ, бұған дейін біз коронавирус дерті өршіп кеткен Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймаққа" енгенін жазған едік.

Одан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884062-kazakstanda-maskalardy-bagasy-kajta-kymbattauy-mmkin/

pixel