Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА отырысын өткізеді

Опубликовано:

Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Elbasy.kz

Бүгін, 11 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысын өткізеді. Бұл жайында тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өз ресми Twitter парақшасында мәлімдеді.

Іс-шара онлайн бейнеконференция түрінде ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, Елбасы Джозеф Байденге Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстанның Тұңғыш президенті 2010 жылы Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті.

Елбасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің бюросын шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің Бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы қаулыға қол қойды", - деді ол.

Бұған дейін "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы 28 тамызда өткен болатын. Басқосуда бюро мүшелері "Nur Otan" партиясының 7 серпіні – Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам" атты партия жұмысын қайта жандандыру бағдарламасын жүзеге асыру барысын және партияның ішкі іріктеуін өткізу мәселесін талқылаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884108-nazarbaev-kha-otyrysyn-tkizedi/

pixel