Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы шағын ауылда ескерткішті қопарғандар жазасыз отыр

Опубликовано:

Фото
Фото: Жеке мұрағат

Алматы облысы Алакөл ауданындағы Жыланды селолық округіне қарайтын Әшім ауылының тұрғындары KAZ.NUR.KZ порталына хат жолдады. Ауылға есімі берілген Әшім қарияның ұрпақтары аталарына қойылған ескерткішті бұзып тастағандарға өкпелі. Ал бірнеше ай бұрын бұзылған ескерткішке басын ауыртып жатқан ешкім жоқ.

1995 жылға дейін Төңкеріс деп аталған шағын ауылға осы жердің тумасы, 1942 жылы Сталинград түбінде қаза тапқан Әшім Садықовтың аты беріледі.

Ал Әшім қария сол ауылдың өркендеуіне үлес қосып, жас кезінде сауатсыз халыққа хат танытып, колхоздастыру кезінде ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласқан.

Әсіресе, Әшім Садықов ауылда мектеп салдырып, халықтың сауатын ашуға көмектескен жан ретінде ел есінде қалады.

"Бабамыз бай, кулактардың малын бағып жүріп, өзінің сауатын көтерген. Өз заманындағы көзі ашық адамдардың бірі болған. Халықтың әріп тануына, білім алуына жағдай жасайды. Кейін өз еркімен соғысқа аттанып, 1942 жылы оққа ұшады. Сол атамыздың аты берілген алақандай ауылда оған қойылған ескерткіштің күл талқан болғаны бізді қынжылтады. Жергілікті билік өкілдері мұндай вандализмге неліктен жол беріп отыр?", - дейді Әшімнің шөбересі.

Бүгінде жауынгердің ұрпақтары ескерткішті кім бұзғанын білмейді. Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдерінен осыны анықтауға көмектесуді, жазасыз қалдырмауды сұрайды.

Фото
Фото: мұрағат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884154-almaty-oblysyndagy-sagyn-auylda-eskertkisti-kopargandar-zazasyz-otyr/

pixel