Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде жаңа жылдық шаралар өтпейтін болды

Опубликовано:

Шырша
Көрнекі фото: piqsels.com

Көршілес Ресейде қаңтар айының ортасына дейін жаңа шектеулер енгізілді деп хабарлайды "Хабар 24".

Билік өкілдері елдегі эпидемиологиялық ахуал одан әрі ушығады деп санайды. Сондықтан алдағы жұма күннен бастап түнгі клубтарды жауып, мейрамханаларға түнде жұмыс істеуге тыйым салу туралы шешім қабылданған.

Сондай-ақ Мәскеуде жаңа жылдық жәрмеңкелер мен мерекелік шаралар өтпейтін болды.

Студенттер қашықтан оқыту жүйесіне ауыстырлмақ.

Кинотеатрлар мен концерт залдарында көрермендер саны жалпы орынның 25 пайызынан аспауы тиіс.

Көрермендер болатын спорт жарыстарын тек билік орындарымен келісіп, өткізуге болады. Көрмелер мен өзге де мәдени шаралар тек онлайн өтуі қажет.

Еске салсақ бұған дейін Румынияда жаңа шектеулер енгізілгені туралы жазған болатынбыз.

Айта кеткен жөн, Грекияда да COVID-19-дың таралуына байланысты жергілікті билік аймақта жалпы ұлттық локдаун жариялады. Бұл туралы елдің премьер-министрі хабарлаған болатын.

Сонымен бірге кәрі құрлықта індет кеңінен таралған елдің бірі Ұлыбританияда да карантин енгізілген.

Шектеу шаралары желтоқсан айына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында тұрғындардың үйлерін тастап шығуына тыйым салынады.

Мейрамханалар мен дәмханалар және азық-түлік дүкендерінен бөлек сауда орындарының бәрі жабылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1884157-resejde-zaa-zyldyk-saralar-tpejtin-boldy/

pixel