RU

Өткен аптада коронавирус 42 қазақстандықтың өмірін жалмаған

аурухана
Көрнекі фото: pexels.com

2 және 8 қараша аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 42 адам көз жұмған деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Алматы қаласында - 12 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Алматы облысында - 1 адам, Атырау облысында - 5 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 10 адам, Батыс Қазақстан облысында - 7 адам, Қарағанды облысында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 2 адам, Павлодар облысында - 1 адам COVID-19-дан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Жалпы, бүгінде елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны 1899-ға жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте тағы 568 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 117 904.

Ал 10 қарашада COVID-19-дан 218 адам жазылып шыққан.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, барлық өңірде COVID-19-бен ауырудың артқаны байқалып отыр.

Мәселен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары — қызыл аймақта, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймаққа" енген.

Ал коронавирус өршіген Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылған.

Сонымен қатар Қостанай облысында 12 қарашадан бастап санитарлық бекеттер қою туралы шешім қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884159-tken-aptada-koronavirus-42-kazakstandykty-mirin-zalmady/