RU

Қазақстанда тағы 587 адамнан коронавирус анықталды

Фото
Көрнекі фото: NUR.kZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 587 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 118 491-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

11 қарашада коронавирс анықталғандар аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 47

Алматы қаласы - 30

Шымкент қаласы - 8

Ақмола облысы - 39

Ақтөбе облысы - 8

Алматы облысы - 16

Атырау облысы - 12

Шығыс Қазақстан облысы - 231

Жамбыл облысы - 6

Батыс Қазақстан облысы - 28

Қарағанды облысы - 16

Қостанай облысы - 57

Қызылорда облысы - 2

Маңғыстау облысы - 1

Павлодар облысы - 49

Солтүстік Қазақстан облысы - 35

Түркістан облысы - 2.

Сондай-ақ өткен тәулікте 245 адам коронавирустан жазылып шыққаны белгілі болды. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында.

Жалпы ел бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны 108 632.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, cоңғы уақытта еліміздің барлық өңірінде COVID-19-бен ауырудың артқаны байқалып отыр.

Мәселен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары — "қызыл аймақта", Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймаққа" енген.

Ал коронавирус өршіген Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылған.

Сонымен қатар Қостанай облысында да 12 қарашадан бастап санитарлық бекеттер қою туралы шешім қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884247-kazakstanda-tagy-587-adamnan-koronavirus-anyktaldy/