RU

Елімізде коронавирус пен оның белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар саны өсті

медицина қызметкерлері
Көрнекі фото: ria.ru

Қазақстанда коронавирус пен оның белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар саны өсті. Аурудан бір тәулік ішінде тоғыз адам көз жұмған деп хабарлайды zakon.kz.

Басылымның мәліметінше, 11 қарашада 2 адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болған. 188 адамнан ауру анықталса, 65 адам жазылып шыққан.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, жалпы 1 тамыздан бүгінгі күнге дейін аталмыш диагоноз барлығы 395 45 адамға қойылып, 412 өлім жағдайы тіркелген. 293 51 науқас жазылып шыққан.

Ал коронавирус жайлы статистикаға келсек, өткен тәулікте 7 адам COVI-19-дан көз жұмған, 587 адамнан коронавирус анықталса, 245 науқас індеттен жазылған.

Қазіргі уақытта COVID-19-дан 7 941 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 384 бала бар. Стационарларда 2 868 науқас, амбулаториялық жағдайда 5 073 адам емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 182 адамның хәлі нашар. Соның ішінде 21 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, cоңғы уақытта еліміздің барлық өңірінде COVID-19-бен ауырудың артқаны байқалып отыр.

Мәселен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары — "қызыл аймақта", Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймаққа" енген.

Ал коронавирус өршіген Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылған.

Сонымен қатар Қостанай облысында да 12 қарашадан бастап санитарлық бекеттер қою туралы шешім қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884258-elimizde-koronavirus-pen-pnevmoniadan-kz-zmgandar-sany-sti/