Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұятсыз видео көрсеткен": Алматыдағы сауда орталығының дәретханасында педофил қыздарға тиіскен

Опубликовано:

зорлық
Көрнекі фото: spoilers.gr

Алматыда ірі сауда орталығындағы дәретханаларда қыз балаларға тиіскен азамат 10 жылға сотталды деп хабарлайды zakon.kz.

​Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 8 жасар қыздарға қатысты зорлық-зомбылық қолданбай азғындық жасады деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот "А" өзінің жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру ниетімен 2012 жылы туған екі жас қыздың жыныстық қол сұғылмаушылығына қол сұғып, "Мега" СОО-да зорлық-зомбылықсыз азғындық әрекеттер жасағанын, атап айтқанда оларға ұялы телефонынан порнографиялық мазмұндағы бейнені алдымен сауда орталығының дәлізінде, содан кейін әйелдер дәретханасында көрсеткенін анықтады",- деді сотта.

Сот үкімімен ол ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігі (Жас балаларды азғындату) бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот бұл жаза бапта қарастырылған ең ұзақ мерзім екенін түсіндірді.

"Істі жеңілдететін мән-жайлардың болмауын, кінәлінің жеке басын және қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот оған ең ауыр жаза тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады сотта.

2019 жылдың күзінде бұрын жас баланы азғындағаны үшін сотталған 32 жастағы ер адамның Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде 7 жасар қызды зорлауға тырысқаны туралы хабарланған болатын. Оған ҚР ҚК - нің екі бабы-ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі (нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері) және ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылған еді.

"Маньяк дәретханаға кіріп, күтіп отырған. Қыз дәретханаға кірген, анасы дәлізде күтіп тұрған. Осы уақытта ол қызды ұстап алып, кабинаға кіргізген. Онда түрлі ұятсыз видеолар көрсеткен. Ал көрші кабинадағы әйел қыздың даусын естіп, "Мұнда кім бар?" деп сұрайды. Ал кабина ішіндегі ер адам "Бос емес" дейді. Келіншек кабинаны ашып, күзет пен полиция шақырады.

Ол қызды дәретханада зорлағысы келіпті. Ойлаңыздаршы, қаланың қақ ортасындағы сауда үйінде. Нағыз масқара. Бәріміздің балаларымыз, қыздарымыз бар. Осыдан кейін қорқады екенсің", - деген еді сол уақытта әлеуметтік желіде тараған жазба иесі.

Айта кетейік,о осыған дейін Байқоңыр тұрғыны өз қызын зорлағаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1884363-atsyz-video-krsetken-almatydagy-sauda-ortalygyny-drethanasynda-pedofil-kyzdarga-tiisken/

pixel