RU

Маңғыстауда полиция 27 жезөкшені ұстады

Жезөкшелер
Фото: lada.kz

"STOP-трафик" жедел алдын алу шарасы барысында жеңіл жүрісті қыздар анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Lada.kz.

Екі күндік "STOP-трафик" жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысқан 27 адамды анықтады.

Белгілі болғандай, төрт қыз Өзбекстан азаматшасы болып шыққан. Ұсталғандардың бірі жеке басын анықтау үшін қалалық қабылдаушы-бөлушіге орналастырылды. Қалғаны оңтүстік аймақтардан келген отандастар екен.

Осы уақыт аралығында Бейнеу облысының полиция қызметкерлері қыздардың өздері интимдік қызмет ұсынған кездегі төрт фактіні анықтады. Оларға әкімшілік кодексінің 449-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жазада ескерту немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, яғни 13 890 теңге қарастырылған.

"STOP-трафик" жедел алдын алу шарасы адам саудасына байланысты қылмыстарды ашуға, анықтауға, жолын кесуге бағытталған. Іс-шара 14 қарашаға дейін жалғасады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ойын-сауық мекемелерін, монша кешендерін, қонақүйлерді, жалға берілетін пәтерлерді, сондай-ақ құрылыс алаңдарын, шаруалар мен мал фермаларын тінтіп шығады.

Еске салсақ, өз қатысуымен түсірілген порнографиялық сипаттағы видеоларды таратты деген күдікке ілінген қарағандылық ару тәртіп сақшыларымен соттаспақ екені туралы жазған едік.

Оған қоса, Алматыда жеңгетайлықпен айналысқан әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884371-magystauda-policia-27-zezkseni-stady/