Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған Владимир Зеленский ауруханаға түсті

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Ivan Nikolayev\TASS via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Фовофания ауруханасында COVID-19 емделіп жатыр. Бұл жайында президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк айтты деп хабарлайды РИА Новости.

Шенеуніктің айтуынша, Зеленскиймен бірге президент кеңсесінің басшысы Андрий Ермак та ауруханаға жатқызылған.

"Барлығы айтарлықтай қатаң, хаттамамен реттеледі, олар (Зеленский мен Ермак – ред.) Феофанияда жатыр.

Президент кездесулер өткізе алатын жабдықталған арнайы кабинет бар... Ол оқшауланған палатада жатыр, сәйкесінше, ол жерде арнайы байланыс құралдары орнатылған", – деді Подоляк.

Ол Зеленский мен Ермактың стандартты жұмыс кестесі бар екенін, жалғыз шектеу оқшаулану екенін атап өтті. Михаил Подоляк ауруханада Зеленский мен Ермак тек телефон арқылы сөйлесетінін айтты.

Еске салсақ, өткен дүйсенбіде Зеленский өзінің COVID-19 жұқтырғанын әлеуметтік желі арқылы мәлімдеген болатын. Кейінірек Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак та коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Айта кеткен жөн, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twіtter-дегі парақшасында Украина президентіне сауығып кетуін тіледі.

Сонымен қатар, 10 қарашада Украина президенті Владимир Зеленский Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен болатын. Украина басшысы елдің қазіргі уақытта COVAX халықаралық қоры аясында әзірленіп жатқан коронавирус вакцинасына қолжетімділігін кеңейту туралы өтініш білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884393-koronavirus-zktyrgan-vladimir-zelenskij-auruhanaga-tsti/

pixel