Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші толқын басталған жоқ": Министрлік КВИ-ға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың екінші толқыны басталмағанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, шет елдерде науқастардың күрт өсуіне байланысты індеттің екінші толқыны басталып кетті деген ақпарат бар. Қазақстанда осы ауруға шалдығу көрсеткіші жоғарыласа да, бұл екінші толқынның көрсеткіші емес. 

"Жалпы, бүгінде дүниежүзі бойынша екінші толқын басталды деп хабарлап жатыр. Бізде соңғы екі аптада індетке шалдығу көрсеткіші жоғарылады. Мысалы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында науқастардың саны өсіп келеді. Ал қалған өңірлерде эпидемиологиялық жағдай әзірше тұрақты", - деді Байтанаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Ол әлемде коронавирустың екінші толқыны басталса да, бізде басталды деп айтуға болмайды деп отыр.

Айта кетейік, наурыз айынан бері республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 118 491 адам ресми түрде тіркелді. Олардың басым бөлігі жазылып шықты. 1 918 науқас осы індеттен қайтыс болды. Соңғы бір тәуліктің ішінде тағы 587 адамның сынамасы оң нәтиже көрсетті.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандықтар коронавирусты қай елдерден әкеліп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884436-ekinsi-tolkyn-bastalgan-zok-ministrlik-kvi-ga-katysty-ktpegen-mlimdeme-zasady/

pixel