RU

COVID-19: Қазақстанда "қызыл аймаққа" кірген өңірлер саны көбейді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асып кетті
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Елімізде коронавирус инфекциясы таралған "қызыл" аймаққа Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары да кірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін "қызыл" зонада Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстары ғана болған еді.

Бұл туралы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға арналған онлайн баспасөз мәслихатында мәлім болды.

"Қазіргі таңда "қызыл" аймаққа ШҚО, Павлодар облысы, БҚО және Қостанай облысы кіріп отыр. Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы – "сары" аймақта. Қалған өңірлер "жасыл" зона болып есептеледі", - деді денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.

Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған 118 491 адам тіркелген. Олардың ішінде 108 632 адам жазылып шықса, 1 899 науқас қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін орталық комуникация қызметінде өткен онлайн брифингте Қазақстанның бас санитар дәрігері елдегі COVID-19 жұқтырудың жоғары деңгейін атап өткен болатын.

Республикада соңғы екі аптада бұл көрсеткіш 1,7 есеге артқан.

"Соңғы 2 аптада ел өңірлердің көбісінде КВИ ауруының өсуі байқалуда: 26 қазан - 1 қараша кезеңінде 2 318 жағдай, 2 қарашадан 7 қарашаға дейін – 3 912 жағдай тіркелген. Ең жоғары деңгей (45%) - 1 755 факт Шығыс Қазақстан облысында анықталды", - деді елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов.

Сонымен қатар, Ресей Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының өндірісін бастауы мүмкін екенін де жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884441-koronavirus-kazakstanda-kyzyl-ajmakka-kirgen-irler-sany-kbejdi/