Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Жол-көлік1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті жүргізушілерді жолда сақтық шараларын сақтауға шақырады деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта ауа райының нашарлауына байланысты елді мекендерден тыс автожолдарда жүре алмай қалған көлік құралдарын табу жағдайлары жиілеп кеткен.

Көбіне автокөлік құралдары күн салқын, боран және бұрқасын болғанда жолаушылармен бірге елді мекендерден қашықта қалып қояды, салдарынан уақтылы көмек көрсетуге кедергі туындайды екен.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті мұндай жағдайларды болдырмау үшін жүргізушілерге көлік құралдарын қысқы кезеңге дайындау қажеттілігі туралы ескертеді.

Атап айтқанда көлік құралдарының шиналарын ауыстыру, құтқару қызметінің ескерту хабарламаларына назар аудару, қозғалыс кезінде қашықтықты сақтау және өзге де басқа шараларға мән берген абзал.

Айта кетсек, елімізде қарашаның 10-11 аралығында 49 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 9 адам қайтыс болған, 53 адам дене жарақатын алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында қар жауып, температураның күрт төмендеуінен 11 қарашада Оралда 12 жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Павлодарда алғашқы қар жұртты әбігерге салғанын жазған едік.

Қазанда түскен қардың салдарынан көлік жөндеу орталықтары мен дөңгелек ауыстыру нүктелеріндегі кезек бірнеше сағатқа созылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884445-iski-ister-ministrligi-klik-zrgizusilerine-ndeu-zasady/

pixel