Депутат Байқоңыр мектептері әлі күнге ресейлік бағдарламамен оқып жүргеніне шамданды
Опубликовано:

Байқоңыр мектептері әлі күнге дейін ресейлік бағдарламамен білім алып жатыр. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы байқоңырлықтардың талап-өтінішін үкімет басшысы Асқар Маминге жолдады деп хабарлайды Астана арнасы.
Мұрат Бақтиярұлының дерегінше, қазір қалада тұратын 77 мыңнан аса халықтың 70%-ы өзіміздің отандастар. Бірақ олар әлі күнге отандық стандартпен білім беретін мектеп тапшылығын көріп жүр, дейді депутат.
"Олар Қазақстан аумағында туып-өскенімен, өз жерінде тұрып, менің Отаным – Россия, менің астанам – Москва деп, Россияның арғы-бергі тарихын, тілі мен әдебиетін оқып, әрине ресейлік патриотизм рухында тәрбиеленеді. Айта өтуіміз керек, біз жерімізді жалға бергенімізбен, сол жерде тұрып жатқан халқымызды жалға берген жоқпыз ғой", - дейді парламент сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы.
А. Мүтәлі
Айта кетейік, бұған дейін "Әліппе" оқулығы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап тәжірибе жүзінде оқытылатын хабарлаған едік.
Сонымен қатар екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300-ге дейінгі қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа ауысатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ таяуда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өткізген еді.
Жиында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ғылыми тұрғыдан зерделенген әліпби жобасын ұсынды. Бұл әліпби жобасында қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884449-deputat-bajkoyr-mektepteri-li-knge-resejlik-bagdarlamamen-okyp-zrgenine-samdandy/