Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолы көктайғаққа байланысты жабылып қалды

Опубликовано:

Тас жол
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ауа райының нашарлауына байланысты бүгін, 13 қарашада Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолы барлық көлік түрлеріне жабық деп хабарлайды Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаментінің ресми Telegram каналы.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, бүгін 13 қарашада елордада дауылды ескерту жарияланды - Нұр-Сұлтанда екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғатыны белгілі болды.

Сонымен қатар, автомобиль жолдары мен тас жолдарында көктайғақ болады деп болжануда. Сол себепті республикалық Нұр-Сұлтан - Петропавл жолының Нұр-Сұлтаннан Щучинскке дейінгі бөлігінде көліктің барлық түрлері үшін жолды жабу туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілердің қарлы боран мен ауа райының қолайсыздығы кезінде қалай әрекет етуі керектігін айтқан болатын - құтқарушылар қысқы сапарларға мұқият дайындалуды ескертуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үш күнде Қазақстаннның барлық аумағында жауын-шашын болатынын жазған едік. Қазгидромет 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялаған.

12-14 қараша күндері еліміздің басым бөлігі Солтүстік циклонның ықпалында болады. Оның бұлтты алқаптары қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын әкеледі деп болжануда.

Одан бөлек, синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мамандардың болжамынша, айдың бірінші жартысында еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында салқын ауа райы болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884461-nr-sltan-sucinsk-tas-zoly-kktajgakka-bajlanysty-zabylyp-kaldy/

pixel