Алматыда үш бірдей тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды (фото)
Опубликовано:

Алматыда газ тапаншаларымен қаруланған ер адам ұсталды - ол тәртіп сақшыларынан жасырынбақ болған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz порталы.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, Алматы тұрғыны 11 қарашада кешке қарай ұсталған. Медеу ауданы көшелерінің бірінде қолында тапаншаға ұқсайтын зат тұрған адамды байқап қалған қалалықтар жедел басқару орталығына жүгінді.
Қала көшелерін күзетіп жүрген ұлттық гвардия сарбаздары тұрғындар хабарлаған жерге дереу келіп жетті.
Ер адам әскери қызметшілерді көріп, қашып кетпек болған, бірақ ойы сәтсіз аяқталды - сарбаздар оны қолға түсірген.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ұсталған адамнан куәгерлердің көз алдында екі газ тапаншасы мен нөмірі өшірілген бір белгі тапаншасын тәркілеп алды.
Еске салсақ, бұған дейін біз Алматыда 3 баласымен жалғыз қалған 1 топ мүгедегі халықтың көмегіне зәру екенін жазған едік. Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан ардагер әрең күнелтіп жүр. Айдар Серкебаевтың әйелі былтыр ажал құшып, 3 баламен жалғыз қалған. Өзі бірінші топтағы мүгедек. Аяқ-қолы қимылсыз қалған әкенің күтімі мен үй шаруасы 7, 11 және 13 жастағы балаларының мойнында.
Одан бөлек, Алматыда ірі сауда орталығындағы дәретханаларда қыз балаларға тиіскен азамат 10 жылға сотталғанын жазған болатынбыз. Сот бұл жаза бапта қарастырылған ең ұзақ мерзім екенін түсіндірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884469-almatyda-s-birdej-tapansamen-karulangan-er-adam-staldy-foto/