RU

Елімізде бір күнде 638 тұрғын коронавирус жұқтырып алды

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

12 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 638 тұрғын коронавирус жұқтырып алды деп хабарлайды ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпарат беретін Telegram-канал.

Коронавирус жұқтырғандардың дені Шығыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр - 261 адам. 2020 жылғы 12 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 638 жағдай анықталған.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 119 129 жетті.

Оның ішінде:

Алматы қаласында - 15089(+39),

Нұр-Сұлтан қаласында -15024(+51),

Шығыс Қазақстан облысында - 13024 (+261),

Атырау облысында - 11397(+12),

Қарағанды облысында - 10770(+17),

Батыс Қазақстан облысында - 7382(+30),

Шымкент қаласында -5282(+4),

Алматы облысында - 5301(+16),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4884(+43),

Павлодар облысында - 4885(+49),

Жамбыл облысында - 4243(+7),

Ақмола облысында - 4180(+37),

Қостанай облысында - 4159(+53),

Түркістан облысында - 3434(+4),

Маңғыстау облысында - 3414(+3),

Ақтөбе облысында -3395(+10),

Қызылорда облысында -3266(+2).

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 247 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 2 924 науқас жатыр. 5 323 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 192 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 20 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке келетін болсақ, өткен тәулікте 179 жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 65 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 39 724, өлім жағдайлары - 415, барлығы 29 416 адам сауығып шықты.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанда "қызыл аймаққа" кірген өңірлер саны көбейгенін жазған едік.

Одан бөлек, министрлік КВИ-ға қатысты күтпеген мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884477-elimizde-bir-knde-638-trgyn-koronavirus-zktyryp-aldy/