Алматыда жауған қар салдарынан бір түнде 39 жол апаты болды (видео)
Опубликовано:

12 қарашаның түнінде оңтүстік астанада 39 жол апаты болды. Қала жолдарындағы жағдай ауа райына байланысты нашарлады деп хабарлайды Алматы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Құқық қорғау органдары хабарланғандай, қалада бір кеште 39 жол апаты тіркелген, оның 9-ында зардап шеккендер бар.
Кешегі жол апатының екеуінде қаза тапқандар да болған. Осыған байланысты Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелектерге ауысуға кеңес береді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жол ережелерін сақтау қажеттігін, көлік жүргізу мәдениетін көтерудің маңыздылығын еске салуда.
"Өзара сыйластық пен тәртіп - бұл жол қауіпсіздігінің кепілі және елдің ең ірі қалаларының бірінде жол апатын азайтудың шешуші факторларының бірі", - деп қорытындылады полиция.
Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің ресми Telegram-каналы түнде қалада 4 - 7 сантиметр қар, ал таулы аудандарда 10 - 12 сантиметр қар түскенін мәлімдеді.
"Қар жауғаннан бастап көктайғақты алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жол айырықтарына мұзға қарсы материалдар себіліп, қар сыпырылып жатыр. 13 қараша таңғы сағат 06.00-де 1487 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды. Сондай-ақ, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақтарды тазарту жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады әкімдік.
Қаланы қардан тазартуға 1,5 мыңға жуық жұмысшы мен 560-тан астам техника жұмылдырылғандығы атап өтілді. Облыстық әкімдіктер мен қала әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, жауын-шашын, атап айтқанда қар мен жаңбыр Алматыға демалыс күндері және келесі аптаның жартысында түседі.
Ауа райының нашарлауы тек елдің оңтүстігінде ғана емес, Ақмола облысында да тіркелуде. Көктайғақ салдарынан Нұр-Сұлтан - Щучинск тас жолы жабылып қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884497-almatyda-zaugan-kar-saldarynan-bir-tnde-39-zol-apaty-boldy-video/