Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның 1 дозасы қанша тұрады

Опубликовано:

вакцина қазақстандық
Көрнекі фото: www.interfax.ru

Елімізде коронавирус індетіне қарсы әзірленіп жатқан вакцинаның болжамды бағасы белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры мәлімдеді.

«COVID-19 індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаның құнына келсек, вакцинаның 1 дозасын әзірлеуге 2,5 АҚШ доллары жұмсалуда. Бұл вакцинаның ғана бағасы. Одан бөлек, оны тасымалдау яғни жеткізу және басқа да шығындарды есептеңіз. Сондықтанда вакцинаның 1 дозасының түбегейлі бағасы 2,5 доллардан қымбат болады деп ойлаймын. Соған қарамастан біздегі мәліметтерге сәйкес, қазақстандық вакцинаны өз бағасындағы арзан өнім деп айтуға болады», - дейді Күнсұлу Закарья.

Оның айтуынша, отандық вакцинаны алдымен індет қаупі тобындағы адамдарға егу қажет.

«Олардың қатарына алдымен медицина мамандары жатады. Өйткені, әлемнің барлық елдерінде бір ғана тактика бар, яғни вакцинаны алдымен қауіпті топқа жататын және солармен байланысқа түсетін адамдарға егу. Вакцина - ол профилактилкалық құрал. Және ол ағзаны індет жұққан жағдайда иммундық тұрғыдан қарсы тұруға дайындайды», - дейді ол.

Бұған дейін коронавирус індетіне қарсы әзірленген қазақстеандық вакцинаның 3 мың еріктіге сынақ түрінде жасалатыны туралы хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884498-koronaviruske-karsy-kazakstandyk-vakcinany-1-dozasy-kansa-trady/

pixel