Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында 17 жастағы жігіт танысын аяусыз зорлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қарағанды облысында 17 жастағы жасөспірім 15 жастағы танысын зорлады деп күдіктелуде. Ол екі айға қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға туралы ақпарат "НеМолчиKZ" қоғамдық қорының Facebook парақшасында пайда болды.

Ұйым таратқан ақпаратқа сәйкес, Қарағанды ​​облысында 15 жастағы қыз баланы 17 жастағы танысы аяусыз зорлаған.

Тексеру кезінде қыздың шок алғаны белгілі болды. Психологтардың онымен әлі жұмыс істеп жатқаны айтылды. Сонымен қатар қыз балаға ата-анасы да қолдау көрсетіп жатыр.

Олар күдікті тиісті жазасын алса дейді. Сол себепті сұмдық жағдайды көпшілікке жария еткенін жеткізді.

"Сараптамалардың қорытындысы бойынша күдіктіге Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды: 120 (Зорлау) және 121 (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық)", - деп хабарлады қоғамдық қор.

Сондай-ақ, облыстық прокуратураның күдіктіні қамауға алу туралы өтініш білдіргені белгілі болды. Алайда Абай аудандық соты оған үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған.

Оқиға қоғамдық резонансқа айналғаннан кейін Қарағанды ​​облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін бұзған.

"Күдіктіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Біз бұдан әрі ақпарат бере алмаймыз, өйткені бұл жабық процесс", - деді БАҚ-пен жұмыс жөніндегі судья-координатор Еркеш Маукен.

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында өгей қызын зорлаған 41 жастағы азамат ұсталғаны белгілі болған еді.

Одан бөлек, 11 жастағы қыз баланы өгей әкесі мен туыс ағасы жарты жылдан астам уақыт зорлап келгені анықталған.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында екі кішкентай баланы зорлады деп айыпталған азамат 16 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Дегенмен, кейінірек сот істі қайта қарап, сотталушы ақталып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884532-karagandy-oblysynda-17-zastagy-zetkinsek-tanysyn-aausyz-zorlady-degen-kdikke-ilindi/

pixel