Еліміздің бірқатар өңірінде -18 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде
Опубликовано:

"Қазгидромет" синоптиктері 14-16 қараша күндері ауа температурасы біртіндеп суытатынын болжады. Қазақстанның көп өңірінде түнде сынап бағанасы 18 градусқа дейін төмендейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Ауа райын болжаушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон Қазақстанның өңіріндегі ауа райын анықтайды.
Циклон әсерінен жауын-шашын мол түседі, көбіне қар түрінде жауады, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын болады деп күтілуде. Мамандар 15 қарашадан бастап жауын-шашын тоқтайтынын жеткізді.
"Түнгі уақыттарда еліміздің көп өңірінде 10-18 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында 2-13 аязға дейін ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Республика бойынша кей жерде тұман, оңтүстікте көктайғақ болады", – деді синоптиктер.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Павлодарда алғашқы қар жұртты әбігерге салғанын жазған едік.
Сонымен қатар, Қазгидромет синоптиктері алдағы қыс қандай болатынын хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884555-elimizdi-birkatar-irinde--18-graduska-dejin-aaz-bolady-dep-ktilude/