RU

Алматылық дәрігерлер жүрек тұсына пышақ сұғылған адамды аман алып қалды

Ота
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері жүрегі мен өкпесіне пышақ сұғылған ер адамды құтқарып қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы тұрғынының айтуынша, ол танысымен сөзге келіп қалған көрінеді. Пышақ жарақатын сол кезде алыпты. Ер адам ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен.

«Мұндай жағдайда науқасқа жедел көмек көрсету өте маңызды. Әрбір минут санаулы. Ер адам бірден ота бөлмесіне жеткізілді. Хирургтер тобы торакотомия отасын жасады. Бұл кеуде қуысын ашу, жүрек жарасын тігу және сол жақ өкпенің жарақаттарына да операция жасалды. Ол шамамен төрт литр қан жоғалтқан. Ота кезінде пациентке 11 доза қан мен плазма құйылды»,– деді бас дәрігердің орынбасары Оңласын Ибекенов.

Күрделі операция бір жарым сағатқа созылған.

Хирург, реаниматолог және хирургиялық бөлім қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде науқас 10-шы күні ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі коронавирус жұқтырғандар саны едәуір өскенін мәлімдеген болатын. Эпидемиологиялық сараптама науқастардың 53%-і вирусты қоғамдық көлікте жұқтырғанын көрсеткен.

Сондай-ақ, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауырғандар қатары 2,2 есе өскені байқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884642-almatylyk-drigerler-zrek-tsyna-pysak-sgylgan-adamdy-aman-alyp-kaldy/