RU

Көршісінің үйінен планшет ұрлап кеткен адам Алматыда қолға түсті

ұрлық
Көрнекі фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері планшет ұрлады деген күдіктіні Алматы қаласында ұстады деп хабарлады Polisia.kz.

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреу үйінен Samsung планшетін ұрлап кеткенін жеткізген. Жәбірленуші әйелге 70 мың теңге көлемінде шығын келген.

Қылмысты ашу мақсатында аудандық полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел тергеу тобы құрылды.

Тәртіп сақшылары күдіктіні Алматы көшелерінің бірінен ұстады. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Бүгінгі таңда күдікті өз кінәсін толығымен мойындап отыр.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам жәбірленушінің үйіне қонаққа келген, әйел көршісіне сатып алған планшетін көрсеткен.

Арада біршама уақыт өткен соң үй иесі ауруханаға баратын болып, көршісімен бірге үйден шыққан.

Ұры есіктің ашық қалғанын байқап, бірер минуттан кейін қайтып келіп, жаңа планшетті алып кеткен.

Қазіргі таңда полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері жүрегі мен өкпесіне пышақ сұғылған ер адамды құтқарып қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі коронавирус жұқтырғандар саны едәуір өскенін мәлімдеген еді. Эпидемиологиялық сараптама науқастардың 53%-і вирусты қоғамдық көлікте жұқтырғанын көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884646-krsisini-jinen-planset-rlap-ketken-adam-almatyda-kolga-tsti/