RU

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

дәрігер
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 704 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 119 833-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 704 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 86

Алматы қаласы - 77

Шымкент қаласы - 5

Ақмола облысы - 35

Ақтөбе облысы - 7

Алматы облысы - 20

Атырау облысы - 12

Шығыс Қазақстан облысы - 248

Жамбыл облысы - 6

Батыс Қазақстан облысы - 35

Қарағанды облысы - 17

Қостанай облысы - 52

Қызылорда облысы - 2

Маңғыстау облысы - 1

Павлодар облысы - 49

Солтүстік Қазақстан облысы - 51

Түркістан облысы - 1

Сондай-ақ өткен тәулікте 317 адам коронавирустан жазылып шыққаны белгілі болды. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында.

Жалпы ел бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны 109 275.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, cоңғы уақытта еліміздің барлық өңірінде COVID-19-бен ауырудың артқаны байқалып отыр.

Коронавирус өршіген Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылған.

Сонымен қатар Қостанай облысында да 12 қарашадан бастап санитарлық бекеттер қою туралы шешім қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884655-elimizde-koronavirus-zktyrgandardy-sany-krt-sti/