RU

Ақтауда теңіз жағасындағы жартас опырылып құлады

Теңіз
Көрнекі фото: meomore.com

Ақтауда теңіз жағасындағы жартастың бір бөлігіп опырылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол бұзылған деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Оқиға орнына шұғыл жұмыс тобы барып, тиісті жұмыстарды жүргізіп, қауіпсіздік белгілерін орнатуда. Қауіпсіздік мақсатында жартасты соқпақ жолдар толық жабылды", - делінген Ақтау әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Еске салайық, 12 қарашаның түнінде оңтүстік астанада 39 жол апаты болды. Қала жолдарындағы жағдай ауа райына байланысты нашарлады.

Құқық қорғау органдары хабарланғандай, қалада бір кеште 39 жол апаты тіркелген, оның 9-ында зардап шеккендер бар. Кешегі жол апатының екеуінде қаза тапқандар да болған. Осыған байланысты Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелектерге ауысуға кеңес береді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жол ережелерін сақтау қажеттігін, көлік жүргізу мәдениетін көтерудің маңыздылығын еске салуда.

"Өзара сыйластық пен тәртіп - бұл жол қауіпсіздігінің кепілі және елдің ең ірі қалаларының бірінде жол апатын азайтудың шешуші факторларының бірі", - деп қорытындылады полиция.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің ресми Telegram-каналы түнде қалада 4 - 7 сантиметр қар, ал таулы аудандарда 10 - 12 сантиметр қар түскенін мәлімдеді. "Қар жауғаннан бастап көктайғақты алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жол айырықтарына мұзға қарсы материалдар себіліп, қар сыпырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884682-aktauda-teiz-zagasyndagy-zartas-opyrylyp-klady/