RU

Еліміздің сегіз аймағында дауыл соғады

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Еліміздің сегіз аймағында күн бұзылып, дауыл соғады деп хабарлайды Хабар 24.

Қостанай облысында жел тұрып, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстанда қар жауады. Желдің ұйытқуы секундына 20 метрді құрайды. Ақмола және Қарағанды облыстарында аздап жел соғады.

Еліміздің шығыс бөлігінде кейбір жолдар жабық деп хабарланды. Мысалы, Өскемен – Алтай – Рахман қайнары бағытында әзірше көлік қозғалысына рұқсат жоқ. Түркістан, Қызылорда облыстарында жел соғады деп күтілуде.

Айта кетейік, 12 қарашаның түнінде оңтүстік астанада 39 жол апаты болды. Қала жолдарындағы жағдай ауа райына байланысты нашарлады.

Құқық қорғау органдары хабарланғандай, қалада бір кеште 39 жол апаты тіркелген, оның 9-ында зардап шеккендер бар. Кешегі жол апатының екеуінде қаза тапқандар да болған. Осыған байланысты Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелектерге ауысуға кеңес береді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жол ережелерін сақтау қажеттігін, көлік жүргізу мәдениетін көтерудің маңыздылығын еске салуда.

"Өзара сыйластық пен тәртіп - бұл жол қауіпсіздігінің кепілі және елдің ең ірі қалаларының бірінде жол апатын азайтудың шешуші факторларының бірі", - деп қорытындылады полиция.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің ресми Telegram-каналы түнде қалада 4 - 7 сантиметр қар, ал таулы аудандарда 10 - 12 сантиметр қар түскенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884686-elimizdi-segiz-ajmagynda-dauyl-sogady/