Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та вакцина келесі сәуірде дайын болуы мүмкін

Опубликовано:

Бекетегі тексеріс
Көрнекі фото: NUR.KZ

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина жергілікті тұрғындар үшін келер жылдың сәуір айында дайын болуы тиіс деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

АҚШ президенті Дональд Трамп БАҚ-пен кездесуінде солай айтты. Ақ үй басшысының айтуынша, Азық-түлік пен дәрі-дәрмектің сапасын санитарлық бақылау басқармасы жуық арада бір екпені қолдануға рұқсат беруі тиіс.

Алғашқы вакцина алдымен денсаулық сақтау саласының өкілдері мен қарт адамдарға егілмек. Ал Трамп әкімшілігінің вакцина бойынша кеңесшіcі жыл соңына дейін тағы 2 вакцина шұғыл жағдайда қолданылуға рұқсат етілетін жеткізді. Айта кетейік, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 11 млн-ға жуықтады. Соңғы бір тәулікте вирусты 154 мың адам жұқтырып алған.

"Қазір тағы 2 вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңін аяқтап қалды. Алдағы апталарда компаниялар Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық бақылау басқармасына осы екпелерді шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат беру туралы өтініш жолдауы тиіс. Егер қабылданса, желтоқсан айынан бастап жаппай қолдануға беріледі",- деді АҚШ президенті әкімшілігінің вакцина жөніндегі кеңесшісі Монсеф Слаои.

Еске салайық, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 199 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 39923, 416 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29485 жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884696-aks-ta-vakcina-kelesi-suirde-dajyn-boluy-mmkin/

pixel