RU

Ақтөбелік полицейлер SPA салоны түрінде жұмыс істеп тұрған притонды анықтады

СПА салон
Фото: polisia.kz

Ақтөбелік жезөкшелер VIP қызмет көрсететін спа-салон жұмысы әшкере болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласында “Стоп-Трафик” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында SPA салоны түрінде жұмыс істейтін интимдік қызметтер көрсетуге арналған притонды анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында салонның клиенттеріне интимдік қызметтер көрсету үшін қыздарды ұсынған мекеменің әкімшісі ұсталды.

Тексеру кезінде салонда интимдік қызмет көрсеткен екі қыздың Ақтөбе облысының тұрғындары екені анықталды. Аталған факт негізінде ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, Алматы тәртіп сақшылары өткен түні рейд өткізіп, Наурызбай ауданы Райымбек даңғылында орналасқан қонақүйде қызмет көрсетететін жезөкшелерді анықтады.

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков тәртіп сақшылары қонақүйде жеті жезөкшені ұстағанын хабарлады. Сондай-ақ, бұл кәсіпте маңызды рөл атқарған кешен әкімшісі де қолға түсті.

Айта кеткен жөн, жеті жезөкшенің бірі Өзбекстан азаматшасы болып шыққан. Ол Қазақстанда заңсыз жүрген. Алдағы уақытта сот шешімі бойынша оны елден шығару мәселесі қарастырылып жатыр. Ұсталғандардың барлығы полицияға жеткізілді және құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғын анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884699-aktbelik-policejler-spa-salony-trinde-zmys-istep-trgan-pritondy-anyktady/