RU

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 науқас қайтыс болды

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы мен пневмониядан 9 адам көз жұмды деп хабарлайды Coronavirus2020 ресми сайты.

Сайтта жарияланған соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, 14 қараша күні коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония тағы 226 қазақстандықтан анықталды. 71 науқас қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықты.

Сонымен қатар, COVID-19 белгілері бар пневомниян еңсере алмаған екі науқас күні кеше көз жұмған. Тамыз бен қараша айынан бері Қазақстанда пневмониялан 418 адам қайтыс болды.

Денсаулық сауқтау министрлігінің ресми telegram-каналы еліміздегі КВИ-ге қатысты өлім оқиғаларына қатысты соңғы мәліметтермен бөлісіп отырады. Күні кеше, коронавирусқа шалдыққан жеті адам қайтыс болған.

Қазірігі таңда, қауіпті індеттен 8,8 мың отандасымыз емделіп жатыр. Олардың 400-ден астамы балалар болып шықты. Министрліктің хабарлауынша, 2,9 мың адам аурухана қабырғаларынжа ем алып жүрген болса, 5,9 қазақстандық амбулаторлық жағдайда емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 23 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" , - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі. .

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы тағы 630 адамнан анықталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884714-tken-tulikte-koronavius-pen-pnevmoniadan-9-naukas-kajtys-boldy/