RU

Елордада бесінші сынып оқушыларына кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді

Қаламмен жазып жатыр
Көрнекі фото: Pexels.com

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері эпидемиологиялық жағдайға қатысты жаңа қаулысын жариялады. Құжатқа сәйкес, бесінші сынып оқушыларына енді кезекші сыныптарда білім алуға рұқсат етілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңа құжат 24 қазанда шыққан қаулыға өзгертулер енгізді.

Оларға сәйкес, жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сынып аралығындағы оқушыларға, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарға кезекші класстарға қатысуға рұқсат берілді.

Алайда, мұндай сыныптардағы оқушылардың саны 15-тен аспау керек. Баланы кезекші сыныпқа жіберу үшін ата-аналар өтініш білдіруі қажет. Егер аталмыш класстардың бір оқушысынан коронавирус анықталса, барлық сыныптаронлайн оқуға көшеді.

«1-5-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептердің кезекші сыныптарынан және 1-7-сыныптан бастап халықаралық мектептерден басқа, сыныпта 15 балаға дейін жинақтау кезінде жұмысына жол берілетін білім беру объектілерінің жұмысын онлайн-оқыту режимінде ұйымдастыруды қамтамасыз етуге, оффлайн-режимде оқитын оқушылар арасында коронавирустық инфекция ауруының бір жағдайын тіркеу кезінде ата-аналардың өтініші бойынша барлық сыныптарды онлайн-оқытуға көшуге қаулы етілді" , - деп жазылған қаулының текстінде.

Қаулы 14 қарашадан бастап өз күшіне енді. Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме бойынша қарап шығуға болады.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 630 адам коронавирус жұқтырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884715-elordada-besinsi-synyp-okusylaryna-kezeksi-synyptarga-katysuga-rksat-etildi/