Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік уақытша жүрмейді

Опубликовано:

Автобус ер адамның қасынан өтіп кетті
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 15 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустар қозғалысына енгізілген шектеу шарасы дүйсенбіге дейін жалғасады деп хабарланды City Transportation Systems ресми Instagram парақшасында.

Қоғамдық көлік қозғалысының уақытша тоқтатылуы дезинфекциялық жұмыстарға байланысты болып шықты.

Тасымалдаушы компания хабарламасында қалалық автобустар дүйсенбі күні қайта линияға шығатыны жазылған.

"Жексенбі күні, 15 қарашада дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Дүйсенбі күні, 16 қарашада автобустар қалыпты режимінде қайтадан қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді, атап айтқанда: көлік картасымен, SMS/QR-код көмегімен" , - делінген компания хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада бесінші сынып оқушыларына кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілгенін хабарлаған болатынбыз. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа қаулы шығарып, бұрынғы құжатқа бірқатар өзгертулер енгңзген.

Қаулы 14 қарашадан бастап өз күшіне енді. Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме бойынша өтіп, қарап шығуға болады.

Айта кетейік, елімізде бір тәулік ішінде тағы 630 қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884723-nr-sltanda-kogamdyk-klik-uakytsa-zrmejdi/

pixel