Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда бір топ фламинго видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Бір топ фламинго Қаракөл көлінде
Видеодан кадр: Facebook/Азамат Сарсенбаев

Маңғыстау облысында бір топ қызғылт фламинго видеоға түсіп қалды. Құстар Қаракөл көліне ұшып келген.

Азамат Сәрсенбаев есімді Қазақстан азаматы өзінің Facebook парақшасында аса ерекше әрі әдемі бейнежазбамен бөлісті. Ер адам Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне дәстүрлі түрде ұшып келген бір топ фламингоны видеоға түсіріп алған.

Бейнежазба кеше, 14 қараша күні өңделіп, жарыққа шыққан.

Айта кетейік, ұшып келген қызғылт түстес құстардың бірінші тобы қазан айының басында ел назарына іліккен. Ол кезде де қоқиқаздардың видеосы жарияланып, халық қатты таңғалған болатын.

Оның үстіне, мамандар құстардың бұл өңірге Теңіз көлі мен Ақмола облысында орналасқан Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығынан ұшып келгенін айтқан.

Күн суыта бастағанда фламинголар Түрікменстандағы "Хазар" атты қорыққа немесе Иранға ұшып кетеді.

Қызғылт түсті құстар қазақстандықтардың камерасына ақпан айында да түсікен болатын. Ол кезде қалың көпшілікпен фламинголардың бейнежазбасымен Ақтау тұрғыны Сергей Хачатурян бөліскен еді.

Сонымен қатар, бір топ фламинголардың видеосы осы жылдың 6 наурызында да тарап кеткен болатын. Бейнежазба Instagram желісіндегі dron_aktau парақшасында жарияланды. Белгілі болғандай, ол кезде де құстар Қаракөл көліне ұшып келген. Желідегілер ерекше түсті құстарға тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884732-magystauda-bir-top-flamingo-videoga-tsip-kaldy/

pixel